Спорт

Белгілі қазақстандық футболшы әрі бапкер қайтыс болды

© Photo : СС0 / emmzettРоза в инее
Роза в инее - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеңес одағының спорт шебері, экс-футболшы, "Қайрат" футбол клубының бапкері 84 жасқа қараған шағында көз жұмды

АЛМАТЫ, 3 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда ғана емес, Ресей, Өзбекстан сынды елдерде белгілі болған футболшы, бапкер Леонид Остроушко қайтыс болды. Өлімнің себебі айтылған жоқ.

Алматылық "Қайратта" Леонид Остроушко кезінде жартылай қорғаушы болған, деп хабарлайды sports.kz порталы.

View this post on Instagram

A post shared by ФК КАЙРАТ | FC KAIRAT (@f.c.kairat) on

Сол кезден бері жанкүйерлер аты аңызға айналған футболшының шеберлігін жақсы біледі.

Футболшы карьерасын аяқтаса да, бұл спортпен қош айтыса алмады. Ол ұзақ уақыт бойы бапкер болды. Леонид Остроушкоys4 еңбегі "Қайрат" клубына ғана емес, семейлік "Цементник", жамбылдық "Алатау", қарағандылық "Шахтер" сынды командаларға сіңді.

Леонид Остроушко Ресей мен Өзбекстанда еңбек сіңірген бапкер атағына ие болған.

Қазақстанның футбол федерациясы белгілі спортшының, бапкердің өмірден озуына байланысты көңіл білдірді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық футболшы отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады

Белгілі қазақстандық футболшы, бапкермен қоштасу уақыты мен орны қосымша хабарланатын болды.

Жаңалықтар
0