Әлем

НАТО саммиті: қазіргі халықаралық жағдай қандай?

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуНАТО
НАТО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей НАТО-дағы араздықтан ұта ма? Алда Солтүстік Атлант альянсы көшбасшылары қазіргі өзекті проблемаларды талқыламақ

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. НАТО-ның (Солтүстік Атлант шарты ұйымы) 70-жылдығына арналған саммитте мерекелік атмосфера сақтала ма, бұны айты қиын. Қарама-қайшылықтардың қордаланып қалғаны соншалық, шара сырт көздерден алыста – Лондон орталығынан 30 километр қашықтықтағы жерде өтеді. Мерейтой жерлеу асына айналып кетпей ме? РИА Новости осы сұраққа жауап іздеп көрді.

Жетпіс жаста мидың өлуі

"Хартфордшир графтығының көрікті ауылдық жерінде орналасқан The Grove курорты – бірінші санатты бес жұлдызды демалыс". НАТО елдерінің басшылары жиналатын Лондон орталығынан 28 километр қашықтықта орналасқан отель ресми сайтта осылай жарнамаланып жүр.

Олардың қызметтері – үздік спа, гольф алаңдары мен мейрамханалар. Бірақ ойын-сауыққа уақыт қалмайтын сияқты, көп проблема қордаланып қалған. Оларды шешпесе де, талқылау керек.

"Еуропа қиын жағдайда қалып отыр", - деген еді бұрын Франция басшысы Эммануэль Макрон. Ол Еуропа одағы өзін экономикалық қана емес, геосаяси күш ретінде қабылдауы тиіс дейді. Әйтпесе, "өз тағдырын бақылай алмай қалуға болады" деді.

Тағы оқыңыз: Ресей НАТО-ға қауіп төндіре ме – сарапшы жауабы

Бұған қоса, ол НАТО жарғысының бесінші бабына күмән келтірді. Бұл бапқа сәйкес, "Солтүстік Америка немесе Еуропада бір немесе бірнеше одақтас елге жасалған қарулы шабуыл жалпы блокқа шабуыл ретінда қарастырылады". Бұл норма 70 жылда бір-ақ рет қолданылды – 2001 жылы АҚШ-қа террористік шабуыл жасалғаннан кейін.

Одақтастар Макронға қарсы шығып, "альянс әлі өмірщең" деді. Дегенмен барлығы қиындықтар жеткілікті екенін түсінеді.

"Бұл мерейтойлық саммит, бірақ бұл қарама-қайшылықтарды реттеуге көмектескен жоқ, керісінше олар күрделене түсті", - деді РИА Новостимен сұхбатта ММХҚИ профессоры, Ресей ғылым академиясы Еуропа институты еуропалық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Данилов.

Көтерілген мәселелер түбегейлі жауаптарды талап етеді. Брюссельдегі НАТО елдері министрлерінің жуырдағы кездесуінде Макронның сөзіне нақты жауап берілмеді, деп есептейді Данилов.

Мерейтойдағы ақылға сыймайтын нәрсе

Макрон The Economist британдық басылымына берген сұхбатында Еуропаның басты трансатлантикалық серіктесі – АҚШ-ты да сынап тастады. Оның айтуынша, альянс "соңғы инстанция кепілінің" арқасында ғана өмір сүріп келеді. "Біз Құрама Штаттардың альянсты жақтайтынын біле отырып, НАТО мүмкіндіктерін қайта бағалауымыз керек", - деп атап өтті ол.

Дональд Трамп өткен жылы саммитті бүлдіре жаздағанын Бесінші республика басшысы еске салды. Трамп серіктестерін қорғаныс шығындары бойынша сынаған еді. Ал одан кейін тіпті ұйымнан шығамын деп қорқытты.

Тағы оқыңыз: Сарапшы Макронның Путинге хаты туралы: Еуропа өткенге оралғысы келмейді

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары Пентагондағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Трамп альянс бюджетіне жарнаны 22 проценттен 16 процентке қысқартпақшы екенін хабарлады. Үнемделген қаржы Грузия мен Украинаға көмекке жөнелтілмек. Бұл блок мүдделеріне сәйкес келеді.

Макронның айтуынша, Трамп – "еуропалық жоба" идеясымен келіспейтін алғашқы америкалық лидер. Оның ойынша, бұның бәрі Еуропа Қытайдың дамуына қарсы келіп тұрған шақта, Ресей мен Түркия авторитаризмді күшейткен сәтте және ішкі тұрақсыздық жағдайында болып отыр. Бұл бес жыл бұрын ақылға сыймайтын, деп қынжылды Макрон.

Түркия факторы

Саммиттің маңызды тақырыптарының бірі – Түркия. Жағдайды Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған ұшықтырды. Ол Елисей сарайының иесіне "сен" деп сөйлеп, Париждің ұйымдағы маңызына күмәнданды.

"Франция НАТО үшін не екенін білмеймін, бірақ Түркия альянс үшін аса маңызды, - деді ол. – Макрон НАТО миының өлгені туралы мәлімдеді. Құрметті Макрон, сен бірінші өз миыңды тексер, себебі бұндай мәлімдемелерді сенікі сияқты миы өлгендер ғана жасайды".

Тағы оқыңыз: Сарапшы АҚШ-тың Түркияға қысымы жайлы айтты

Дмитрий Даниловтың айтуынша, Түркия – ұйым ішіндегі қарама-қайшылықтардың маңызды түйіні. Анкара альянстың Шығыстағы әлеуетін нығайту мен жедел қызмет көрсету бойынша күшін тежеуге дайын.

"Бұл аса маңызды. Себебі бұнда көп проблема түйіскен: Ресеймен қатынас, Еуропа-АҚШ-Түркия байланысы, НАТО-ның әскери жоспары. Ал Анкара – таптырмайтын одақтас", - деген ол, бұл мәселені қалай шешу керектігі белгісіз екенін айтты.

Қытай, ғарыш пен лаңкестік

Солтүстік Атлант альянс мүшелері – мемлекет басшылары ғарыш кеңестігін жаңа жедел сала ретінде таниды деп болжанып отыр.

Бұл тек әскери-техникалық салаға қатысты емес. Даниловтың түсіндіруінше, ғарыш жүйелерін қазір де, болашақта да Құрама Штаттары қамтамасыз етеді.

Қытайды дамыту – назарсыз қалмайтын стратегиялық сұрақ. АҚШ Қытайды басты қауіп-қатер тізіміне енгізсе, Еуроодақ Қытай халық республикасын стратегиялық әрі экономикалық қарсылас деп таныды.

Ресей – әлі қауіпті емес

"Ресей ғана ислам радикализміне тиімті түрде қарсы тұра алады, оның ішінде Сирияда. Сондықтан қатер төндіретін елмен ынтымақтастық орнатуға тура келеді", - деді агенттікке сұхбат берген Наталья Еремина. Бірақ НАТО кіріп кеткен идеологиялық шектер бұған қатты кедергі келтіреді.

"Идеология Ресей туралы қауіп-қатер ретіндегі пікірін өзгертуге мүмкіндік бермейді. Себебі шешім ортақ болуы тиіс. Оның ішінде практикалық ынтымақтастық мәселесі де бар", - деген пікір білдірді Дмитрий Данилов.

Жаңалықтар
0