Өңірлер

Алматыда жалған сот жұмыс істегені анықталды

© Photo : Public DomainСуд, правосудие
Суд, правосудие - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласының прокуратурасы жалған сотты анықтап, оның жұмысын тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласында азаматша «Әділет» халықаралық төрелік соты» толық серіктестігін құрып, сот төрелігін заңсыз жүзеге асырып келген, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ол билік өкілінің атағын өз еркімен иемденіп, Қазақстан Республикасының атынан әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша шешімдер шығарып отырған. Бұл шешімдер мемлекеттік елтаңбамен және басқа да деректемелермен фирмалық бланкіде шығарылған.

"Осы заңсыз сот актілерімен азаматтарды жүргізуші куәлігінен айырып, соманы өндіріп алуға, тергеу изоляторынан адамдарды босатуға тырысқан", - деп хабарлайды прокуратура.

Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының арызы бойынша қаланың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Әділет» халықаралық төрелік соты» жеке кәсіпкерлігінің қызметін жойды.

"Жалған судьяға қатысты Қазақстан Ресубликасы қылмыстық кодексінің 390-бабы – "Билік өкiлiнiң атағын өз бетiмен иемденіп алу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - деді қалалық прокуратура.

Жаңалықтар
0