НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Синоптиктер 3 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады деп болжайды. Тек батыс пен шығыста ауа райы жауын-шашынсыз.
Дабылды ескерту
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, қар жауады. Солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік желінің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Түнде және таңертең Қостанайда тұман түсіп, қар жауады.
Ақмола облысында синоптиктер тұман түсіп, бұрқасын болады деп болжайды. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Көкшетауда да тұман түседі деп болжануда.
Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел таңертең және күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтан қаласында синоптиктер күн бұлтты болады, аздап қар жауады деп болжайды. Ауа температурасы күндіз – 2-4, түнде 5-6 градус аяз болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз 2-6 градусқа дейін жылынады. Түнде ауа температурасы 3-5 градустан жоғары болады.
Шымкентте синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжайды. Күндіз 17 градус, түнде 4-6 градусқа дейін жылы болады.
Өңірлердегі ауа райы
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түсіп, бұрқасындатады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында синоптиктер тұман түсіп, бұрқасындатады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжайды.
Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қызылорда облысында таңертең және күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп болжануда.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түседі.
Сонымен қатар, Түркістан, Маңғыстау және Алматы облыстарында синоптиктер желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшейеді деп болжайды.