Әлем

Ұлы көз жұмды: белгісіз біреу қала орталығында депутаттың көлігіне оқ атты

© AP Photo / Rogelio V. SolisТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыстық кеңес депутаты атыс кезінде ұлы қаза болғанын растады, бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Киевте белгісіз біреу облыстық кеңестің депутаты Вячслав Соболевтің автокөлігіне оқ жаудырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін астаналық полицияның баспасөз қызметі Киев орталығында автокөлікке оқ атылғанын мәлімдеген еді. Оқиға салдарынан бір бала көз жұмды.

Аталған фактіге қатысты "Қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Автокөліктің рөлінде мейрамхана қожайыны мен Киев облыстық кеңесінің депутаты Вячеслав Соболев болған", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Шымкенттегі атыс: оқиғаның тағы бір видеосы желіде тарап кетті

Депутаттың өзі атыс кезінде ұлы қаза болғанын растады.

Соболев оқиғаның басқа да мән-жайын айтудан бас тартты.

Жаңалықтар
0