Қоғам

"Күн сайын сыйынамын": Назарбаевтың кенже қызы желіде жазба қалдырды

© Sputnik / Абзал КалиевӘлия Назарбаева педагогтерді марапаттау салтанатында
Әлия Назарбаева педагогтерді марапаттау салтанатында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Тұңғыш президент күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтар дүйсенбі күні де демалады

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева қазақстандықтарды мемлекеттік мереке – Тұңғыш президент күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлия Назарбаева желідегі парақшасына әкесімен бірге жаңажылдық шыршаның қасында түскен суретін жариялаған.

Ол 1991 жылдың бірінші желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде республика президенті болып жарияланғанын еске салды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"Бұл жауапты қызметте 29 жыл қызмет етті, өз халқының игілігі үшін әлі де еңбек етіп келеді. Мен өз әкемнің тегін мақтанышпен, зор құрметпен және жауапкершілікпен алып жүрмін. Жаратқанға күн сайын сыйынып, денінің саулығы мен ұзақ ғұмыр тілеймін",  - деп жазды Назарбаева инстаграмдағы парақшасында.

Тұңғыш президент күні

Мемлекеттік мереке Қазақстанда 2012 жылдан бері аталып өтеді. 1 желтоқсан күні – елімізде демалыс. Биыл бұл дата жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтар дүйсенбі де демалады.

Еліміздің барлық өңірінде мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтары бүгін кешкі сағат тоғызда отшашуды тамашалай алады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қай көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың 20 наурызында президенттік өкілеттігін тоқтатты. Десе де ол Қауіпсіздік кеңесінің және Nur Otan партиясының төрағасы, Қазақстан Конституциялық кеңесінің мүшесі.

Жаңалықтар
0