НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жұма күні кешке Петербургтегі Мұз сарайында жеке концертін өткізді.
Димашпен бірге сахнаға бұған дейін "Любовь уставших лебедей" әнімен қазақстандық әртістің назарын аударған индонезиялық әнші Римар (Rimar) шықты.
Олар бірге "Ұмытылмас күн" әнін шырқады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Индонезиялық Римар қарындасым бүгінгі өтетін концертіме арнайы Ресейге ұшып келді. Талантты қарындасымызбен дайындықты өткіздім. Бұйырса бүгін барлық тыңдарманым Римардың талантына тәнті болады деп ойлаймын. ", - деп жазды Димаш.
Димаш Римар үлкен стадионға алғаш шыққалы отырғанын атап өтіп, көрермендерден қолдау көрсетуді сұрады.
"Сәттілік, менің талантты қарындасым. Мен саған сенемін", - деп жазды Димаш.
Римардың өзі Instagram парақшасында Димашпен бірге түскен суретін жүктеп, Димаш өзінің кумирі және бұрын-соңды кездестірген ең жақсы адамы екенін жазды.