Өңірлер

Мәселе үлкен бастық болуда емес: Сағынтаев жаңа қызметіндегі қиындық жайлы айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинДень города в Алматы
День города в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бақытжан Сағынтаев премьер-министр қызметіне дейін Павлодар облысын басқарғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев үкімет басшысы болған кезін есіне алып, жаңа қызметі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында өңірдің биылғы он айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, журналистердің сұрағына жауап берді.

"Премьер министр мен әкім лауазымының айырмашылығын сезіп жатырсыз ба? Әкім ретінде жұмысыңыз қиындап жатқан жоқ па? Шаршаған жоқсыз ба?", - деп сұрады журналист қала басшысынан.

Бақытжан Сағынтаев премьер-министрге дейін Павлодар облысының әкімі болып жұмыс істегенін атап өтті.

"Кейін премьер-министр болып, қайта әкім болдым. Осындай жұмысқа келген соң, шаршамау керек. Ұйықтамай, жұмыс жасау қажет. Шабытпен жұмыс істеген жөн. Қай қызметте болсаң да, жаныңды салып, жұмыс жасамасаң, одан нәтиже шықпайды. Мәселе үлкен бастық болуда емес", - деді ол.

Әкімнің пікірінше, әрбір басшы өзіне тапсырылған жауапкершілікті дұрыс сезіне білуі тиіс.

"Өйткені үлкен сенім артылып отыр. Сол сенімді ақтау керек. Халықтың да үлкен үміті бар. Мысалы, премьер-министрден кейін әкім болдым. Әкімнің мүмкіндігі жоғары. Өйткені сенің көзқарасың басқаша болады", - деді Сағынтаев.

Осы орайда ол үкімет басшысы болып тұрған кезін есіне алып, одан жинаған тәжірибесін жаңа қызметте пайдаланып жатқанын айтты.

Тағы оқыңыз: Сағынтаев Байбек туралы: істеген шаруаларын айтпай-ақ қояйын

"Премьер-министр болып, бүкіл Қазақстанның экономикасын қарап отырасың. Басқаша көзқарас , шешім шығару қабілетің басқаша қалыптасады. Үлкен тәжірибе жинайсың. Бес айдың ішінде "Жаңа Алматы", "Үлкен Алматы" және "Алматының 2050 жылға дейінгі жоспары" атты үлкен бағдарлама жасадық. Бұл үкіметте жұмыс істеп жүрген кезде алынған тәжірибенің нәтижесі деп есептеймін", - деді Алматы әкімі.

Жаңалықтар
0