Әлем

Ресей НАТО-ға қауіп төндіре ме – сарапшы жауабы

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуНАТО
НАТО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери сарапшы, отставкадағы полковник Виктор Литовкин британиялық министрдің сөздерін қаперге алмауға болады деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Британия қорғаныс министрлігінің басшысы "Ресей – НАТО-ға төнген қауіп" деп мәлімдеді. Әскери сарапшы Виктор Литовкин Sputnik радиосының эфирінде мұндай мәлімдеме нені тұспалдайтынын түсіндірді.

"Ресей тарапынан шынайы қауіп бар, мәселен, НАТО үшін. Ресей ақырындап біздің батылдығымызды сынап жатыр", - деді Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес біріккен корольдік институтында өткен сайлауалды пікірталас барысында.

Уоллестің пікірінше, Ресей, бір жағынан, соғыс жүргізудің сан түрлі әдісін қолданып, Украинаны өз мақсатына пайдаланып отыр.

Министр Солтүстік Атлантика альянсын, Еуропа одағы мен Five Eyes арнайы қызметтер қауымдастығына (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия) кіретін елдерді жағдайды бақылауға алып, Ресейге табанды тойтарыс беруге шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Тағы оқыңыз: НАТО: ұйымның болашағы бар ма?

Әскери сарапшы, отставкадағы полковник Виктор Литовкин бұл сөздерді қаперге алмауға болады деп санайды.

"Бұл корольдіктің қорғаныс министрінің ақылынан алжасқанын білдіреді. Ресей ешкімге сес көрсетіп жатқан жоқ, НАТО шекарасына жақындап та жатқан жоқ. Керісінше, НАТО Ресей шекарасына таяп, әскерлерін орналастыруда. Ал Ресей біреуге қауіп төндіріп жатыр деген әңгімелер барлығын басқа арнаға бұрудың амалы. НАТО Югославияны бомбалады, Ирак, Ауғанстан, Ливияға баса-көктеп кірді. НАТО-ның кейбір мүшелері әлі күнге дейін Сирияда заңсыз жүр, сол елдің мұнайын ұрлап жатыр. Ресей ешқашан бұлай жасаған емес және жасамайды да. Сол себепті олар Еуропа халқын үрей құшағында ұстайды, қорқыныш ұялатады. Өйткені халықты осылай басқару оңайырақ", - деді Литовкин.

Жаңалықтар
0