НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшылары консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесіне ие болды.
"Екінші консультативтік кездесуде делегация басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекеттері басшылары консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, 28 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысу үшін Ташкентке барды. Кездесу осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Алғашқысы былтыр 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен еді.
На второй Консультативной встрече главами делегаций было принято решение о присвоении Нурсултану Назарбаеву статуса Почетного Председателя Консультативной встречи глав государств Центральной Азии pic.twitter.com/qyKgLVPo5M
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) 29 ноября 2019 г.
Бұған дейін Назарбаев Ташкентте Өзбекстан президентімен кездесті