Аңдатпа

Қазақстанда 30 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевЗимний парк, лавочка, иллюстративное фото
Зимний парк, лавочка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан агенттігі 30 қарашада болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 1-16 желтоқсанға не жоспарланғанын біле аласыз

30 қарашаға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – K-Beauty Day шарасы. Ұйымдастырушы – Корея Республикасының мәдени орталығы. Осы шара аясында кореялық шеберлер сұлулық саласындағы соңғы жаңалықтармен таныстырады, макияждың түр-түрін көрсетеді (Astana Marriott қонақ үйі, Достық даңғылы, 2. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).

19.00 – "Мне довелось испить из родника…" концерті. Концерт кезінде Қазақ ССР халық әртісі, КСРО халық әртісі, Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының дирижері Анатолий Молодовтың шығармалары орындалады. Биыл оның туғанына 90 жыл толып отыр. Концертке Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры қатысады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.45 – "WoW БИ ChamP" II Республикалық хореографиялық өнер байқауы ("Гранд Парк" СОК, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 707 157 60 77).

19.00 – Далена Шинтемированың "Магия саксофона" концерті өтеді ("La Bohême" Театр).

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

10.00 – Samǵaý жобасының түлектеріне арналған форум өтеді. Жоба білім беру, жұмысқа тұру және лайықты жұмыс істеу үшін жасөспірімдер мен жастардың дағдыларын дамытуға бағытталған (Атырау қаласы, APEC Petrotechnic колледжі, Елорда көшесі, 24. Аккредитация +7 747 9260260 телефоны немесе samgauatyrau@gmail.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

1 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – ҚР Тұңғыш президенті жүлдесі үшін самбодан халықаралық турнир өтеді ("Алатау" спорт кешені. Байланыс телефоны: +7 701 526 00 28).

11.00 - XII жыл сайынғы рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді. Шараны ұйымдастыруға елшіліктер мен халықаралық ұйымдар қолдау көрсетеді. Жиналған қаржы табысы төмен отбасыларға беріліп, Қазақстандағы қайырымдылық қорларына аударылады ("Radisson Hotel Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 67 07 77).

11.00 - "Чердак с привидениями" шоуы өтеді (Қазмедиа Холл, Қонаев көшесі, 4. Байланыс телефоны: +77051659018).

15.00 - "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!" мерекелік концерті ("Астана Опера" театры. Байланыс телефоны +7 (7172) 70 96 18).

18.00 – Astana Ballet ұлттық хореография кеші өтеді. "Ұлы дала мұрасы" атты концерттік бағдарлама қойылады. Сондай-ақ концерт аясында бір актілі "Жусан" спектілі көрермендерге жол тартпақ ("Астана Балет" театры, Ұлы дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

19.00 – "Turan" ансамбілінің концерті өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

2 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

12.00 – Қазақ күресінен "Әлем барысы" атты әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа 30 елден салмағы 90 келіден асатын балуандар қатысады (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Абая көшесі, 44).

3 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – 28 панфиловшы мемориалына салтанатты түрде гүл шоқтары қойылады ("Жерұйық" саябағы. Байланыс телефоны: 8 (7172) 44 07 01, 44 08 06, 44 07 95).

АЛМАТЫ

18.30 – Еуразия шығармашылық гильдиясының кездесуі өтеді. Кездесуде Евгения Сихимбаева "Киану Ривз. Неоконченный портрет. Часть 1" кітабы туралы баяндап, шараны ұйымдастырушылар Брюссельде OEBF әдебиет фестивалін қорытындылайды ("Жібек Жолы" сауда үйі", "451 Градус", Жібек Жолы даңғылы, 135).

4 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

16.00 – Visa Fashion Week Almaty 2019 халықаралық сән апталығы өтеді ("Rixos Almaty" қонақ үйі, Сейфуллин даңғылы, 506).

8 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – XII қысқы қайырымдылық балы өтеді ("Hilton Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

19.00 – Ресейлік ЮДИ би ұжымының шоуы өтеді. Концерт ұжымының "Свет и Тьма" атты халықаралық турнесі аясында ұйымдастырылады ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс холл). Бейбітшілік көшесі, 1/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

14 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00 – Империялық орыс театрының гастролі аясындағы "Щелкунчик" балеті ("Nomad City Hall" театры, Мәңгілік Ел даңғылы, №B2.3 (ЭКСПО аймағындағы Энергия холл ғимараты).

18.30 - "Денистің достары" мұз айдындағы шоу. Шараға Қазақстанның танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің достары, бапкерлері және белгілі фигуристер қатысады ("Барыс Арена" спорт кешені, Тұран даңғылы, 75. Байланыс телефоны +7 702 947 80 53).

15 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қысқы дрифт бойынша Нұр-Сұлтан қаласының кубогы. Шара елорда әкімдігінің қолдауымен өткізіледі (Көкшетаудың айналма тас жолы, арнайы ХҚКО жанында. Байланыс телефоны: +7-778-580-72-42).

18.30 - "Мода со смыслом" қайырымдылық кеші. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету. Кешке бизнесмендер, қоғам белсенділері, медиа мен шоу бизнестің танымал тұлғалары қатысады (The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

16 желтоқсанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 - Independence Day кәсіби бокс кеші. Шара кезінде Казақстан, Өзбекстан, Нигерия, Оңстүстік Африка Республикасы, Тайланд, Филиппин, Грузия, Ресей мен Әзірбайжан бокшыларының қатысуымен 12 жекпе-жек өтеді. Тікелей эфир әлемнің 60 мемлекетіне таратылады (Балуан Шолақ атынадағы спорт кешені, Абай көшесі, 44)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0