29 қарашаға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
09.30 – Энергия үнемдеу бойынша II Халықаралық форум. Форум жұмысына шетелдік сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық қаржы институттары, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлер қатысады. Халық арасында энергия үнемдеуді насихаттау мақсатында сурет салудан балалар арасында республикалық конкурс жарияланған. Ал мемлекеттік ұйымдар арасында "Үздік энергия үнемдеуші бюджеттік мекеме" байқауы басталды. Екі конкурсқа өтінім қабылдау мерзімі – 10-25 қараша. (Hilton Astana қонақ үйі. Аккредитация: +7 (701) 714 88 68).
10.00 – Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда өткел ашылады. Шара Тұңғыш президент күніне орайластырылған. Аумағы 1000 шаршы метрді, ұзындығы 90 метрді құрайтын жаңа өткел Т1 және Т2 терминалын байланыстырады (Халықаралық әуежай, Қабанбай батыр даңғылы, 119. Кіру Т1 терминалынан. Аккредитация: 8 (7172) 77 71 11 және +7 701 479 84 60).
10.00 – Парламент сенатында "Қазақстанның су қауіпсіздігі: жағдайы, мәселелері және ұсыныстары" тақырыбында тыңдаулар өтеді (Сенаттың отырыс залы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 72 39, 74 72 40, 74 72 27).
10.00 – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашық есік күні өтеді. Шараның тақырыбы – "Зейнетақыны жоспарлау". Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары тұрғындардың сұрақтарына жауап береді (БЖЗҚ, Тәуелсіздік даңғылы, 3).
11.00 – "Елбасы – ел мерейі" атты жас ақындармен кездесу өтеді (Сәкен Сейфуллин музейі).
11.00 – ҚР Тұңғыш президенті күніне орай мерекелік концерт өтеді ("Жастар" сарайы. Байланыс телефоны: +7 (7172) 32 67 81).
12.00 – ҚР Тұңғыш президенті күніне орай "Мәңгілік елдің бағыттары, Елбасымыз бастаған нұрлы жол" атты концерт өтеді ("Наз" мемлекеттік би театры. Байланыс телефоны: +7 (7172) 30 03 09).
15.00 – ҚР Тұңғыш президенті күні қарсаңында "Елбасы жолы: От-өзен" көркем фильмі көрсетіледі (Nomad City Hall).
15.00 - "Научно-литературная гостиная" атты пікірталас кездесуі өтеді (Елбасы кітапханасы).
15.30 – "Тарихи таңдау" жобасы аясында салтанатты көрме ашылады (Елбасы кітапханасы).
16.00 – "Байқоңыр" ғарыш айлағының 60 жылдығына орай "Вселенная" фестиваль өтеді. Шараны Роскосмос компаниясының қолдауымен Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырады (Ресей ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны: +7 707 778 82 18, +7 701 054 71 77).
16.00 – "Не просто кино" атты халықаралық қысқа метражды фестиваль өтеді. Шараны қазақстандық Vosmerka сайты мен Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырады. Халықаралық фестиваль аясында Татарстан, Чуваш, Якутия, Қазақстан кинорежиссерлерінің фильмдері көрсетіледі. Шараға арнайы қонақ ретінде танымал кино сыншысы, халықаралық қысқа метражды фестиваль бағдарламасының директоры (Қазан) Адиля Хайбуллина қатысады. Халықаралық фестиваль 28 қазан мен 22 желтоқсан аралығында өтеді (Ресей ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39. Байланыс телефоны: +7 701 261 39 64, +7 707 835 14 92).
18.00 – "Quintessence" көрмесі өтеді. Шараның мақсаты – жас суретшілердің шығармашылығына қолдау көрсету. Көрмеге Сырым Мүсіреп, Нұрсұлтан Сейітов, Динара Тастенбекова, Татьяна Сухорукова, Мұратбек Мүсіреп қатысады (ҚР ұлттық музейі).
18.30 – БҰҰ-ның "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимылдар" науқанына арналған сурет көрмесі (TSE Art Destination, Республика даңғылы, 33А.).
19.00 –"Князь Игорь" операсы. Аталған шара Дмитрий Хворостовский атындағы Красноярск мемлекеттік опера және балет театрының гастролі аясында ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).
КУРЧАТОВ
11.00 – Қазақстандық материалтану токамагы кешеніне баспасөз туры ұйымдастырылады. Шара Ұлттық ядролық орталықта әлемде алғаш рет мамандандырылған токмак құрылысының аяқталуына орайластырылған (Аккредитация +7 777 543 00 22, +7 702 140 16 43 телефондары және nurgulya@nnc.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).
АЛМАТЫ
10.00 – "Шығыс базары" жәрмеңкесі өтеді. Онда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей қолөнер шеберлерінің тіккен киімдері, әшекей бұйымдары, музыкалық аспаптары және тағы басқа заттары қойылады. Жәрмеңке 1 желтоқсанға дейін жұмыс істейді (Қазақстанның орталық музейі, Самал-1, шағын ауданы 44).
19.00 - "Жәмилә" спектаклінің премьерасы өтеді. Режиссер – Ұланмырза Карыпбаев (Театр "Жас Сахна").
30 қарашаға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
11.00 – K-Beauty Day шарасы. Ұйымдастырушы – Корея Республикасының мәдени орталығы. Осы шара аясында кореялық шеберлер сұлулық саласындағы соңғы жаңалықтармен таныстырады, макияждың түр-түрін көрсетеді (Astana Marriott қонақ үйі, Достық даңғылы, 2. Байланыс телефоны: +7 (702) 947 80 53).
19.00 – "Мне довелось испить из родника…" концерті. Концерт кезінде Қазақ ССР халық әртісі, КСРО халық әртісі, Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының дирижері Анатолий Молодовтың шығармалары орындалады. Биыл оның туғанына 90 жыл толып отыр. Концертке Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры қатысады. ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).
АЛМАТЫ
10.45 – "WoW БИ ChamP" II Республикалық хореографиялық өнер байқауы ("Гранд Парк" СОК, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 707 157 60 77).
19.00 –Далена Шинтемированың "Магия саксофона" концерті өтеді ("La Bohême" Театр).
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
10.00 – Samǵaý жобасының түлектеріне арналған форум өтеді. Жоба білім беру, жұмысқа тұру және лайықты жұмыс істеу үшін жасөспірімдер мен жастардың дағдыларын дамытуға бағытталған (Атырау қаласы, APEC Petrotechnic колледжі, Елорда көшесі, 24. Аккредитация +7 747 9260260 телефоны немесе samgauatyrau@gmail.com электронды поштасы арқылы жүргізіледі).
1 желтоқсанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
10.00 – ҚР Тұңғыш президенті жүлдесі үшін самбодан халықаралық турнир өтеді ("Алатау" спорт кешені. Байланыс телефоны: +7 701 526 00 28).
11.00 - XII жыл сайынғы рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді. Шараны ұйымдастыруға елшіліктер мен халықаралық ұйымдар қолдау көрсетеді. Жиналған қаржы табысы төмен отбасыларға біріліп, Қазақстандағы қайырымдылық қорларына аударылады ("Radisson Hotel Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 67 07 77).
11.00 - "Чердак с привидениями" шоуы өтеді (Қазмедиа Холл, Қонаев көшесі, 4. Байланыс телефоны: +77051659018).
15.00 - "Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!" мерекелік концерті ("Астана Опера" театры. Байланыс телефоны +7 (7172) 70 96 18).
18.00 – Astana Ballet ұлттық хореография кеші өтеді. "Ұлы дала мұрасы" атты концерттік бағдарлама қойылады. Сондай-ақ концерт аясында бір актілі "Жусан" спектілі көрермендерге жол тартпақ ("Астана Балет" театры, Ұлы дала даңғылы, 9. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).
19.00 – "Turan" ансамбілінің концерті өтеді ("Қазақстан" орталық концерт залы. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).
2 желтоқсанға жоспарланған шаралар
АЛМАТЫ
12.00 – Қазақ күресінен "Әлем барысы" атты әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа 30 елден салмағы 90 келіден асатын балуандар қатысады (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Абая көшесі, 44).
3 желтоқсанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
12.00 – 28 панфиловшы мемориалына салтанатты түрде гүл шоқтары қойылады ("Жерұйық" саябағы. Байланыс телефоны: 8 (7172) 44 07 01, 44 08 06, 44 07 95).
АЛМАТЫ
18.30 – Еуразия шығармашылық гильдиясының кездесуі өтеді. Кездесуде Евгения Сихимбаева "Киану Ривз. Неоконченный портрет. Часть 1" кітабы туралы баяндап, шараны ұйымдастырушылар Брюссельде OEBF әдебиет фестивалін қорытындылайды ("Жібек Жолы" сауда үйі", "451 Градус", Жібек Жолы даңғылы, 135).
4 желтоқсанға жоспарланған шаралар
АЛМАТЫ
16.00 – Visa Fashion Week Almaty 2019 халықаралық сән апталығы өтеді ("Rixos Almaty" қонақ үйі, Сейфуллин даңғылы, 506).
8 желтоқсанға жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
18.00 – XII қысқы қайырымдылық балы өтеді ("Hilton Astana" қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).
19.00 – Ресейлік ЮДИ би ұжымының шоуы өтеді. Концерт ұжымының "Свет и Тьма" атты халықаралық турнесі аясында ұйымдастырылады ("Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс холл). Бейбітшілік көшесі, 1/1. Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.