Оқиға

Оралда ер адам әйелін гранатаға ұқсас затпен кепілге алды

© Sputnik / Руслан Вахаев / Медиабанкке өтуАрхивное фото антитеррористических учений
Архивное фото антитеррористических учений  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға орнына жедел қызметтердің барлығы шұғыл жетті. Қазіргі уақытта ерлі-зайыптының ажырасу процесі жүріп жатқаны белгілі болды.

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Оралда ер адам әйелін кепілге алды. Оның қолында гранатаға ұқсас зат бар. Sputnik Қазақстанға ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

Ер адам әйелін Жәңгір хан көшесіндегі кеңседе ұстап отыр, мұнда әйел нотариус болып жұмыс істейді. "102" нөміріне хабарлама 13.10 шамасында түскен.

"Алдын ала ақпарат бойынша, ер адамның қолында пышақ пен гранатаға ұқсас зат бар. Оқиға орнына жедел қызметтердің барлығы шұғыл жетті", - деді полиция департаменті.

Ер адамның жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта ерлі-зайыптының ажырасу процесі жүріп жатқаны белгілі болды.

"Тамағына пышақ тақаған": Қарағанды тұрғыны туған қызын кепілге алды 

Бес қабатты үйдің барлық тұрғыны эвакуацияланды, үйдің айналасы қоршалған. Полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізуге әрекеттеніп жатыр.

Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Серік Сүйінбаев жүр.

Жаңалықтар
0