Қоғам

Ақсақалов оңтүстіктен көшіп келгендер жайлы: Кейбірі қардан қорқады, ауырып қалады

© Sputnik / Абзал КалиевМеждународный аэропорт Нурсултан Назарбаев в Нур-Султане
Международный аэропорт Нурсултан Назарбаев в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыс әкімінің айтуынша, оңтүстіктіктен көшіп келген азаматтардың басым бөлігі солтүстікте қалғысы келеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов оңтүстіктен солтүстікке көшіп келген кейбір отбасылар неге мемлекеттен көмек ала алмай жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, биыл оңтүстіктен солтүстікке 700-ден астам отбасы көшіп келген. Осы орайда облыс әкімі өңірге қандай мамандар қажет екенін жеткізді.

"Бізге тракторшы, комбайншы, шопыр, инженер, агроном сынды мамандар керек. Оларға арнап үй салып жатырмыз", - деді Құмар Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Өңір басшысы осы жылы оңтүстіктен көшіп келген 12 отбасы кері қайтуға шешім қабылдағанын атап өтті.

"Оңтүстікке көшуге әртүрлі себеп әсер етті. Кейбірі қардан қорқады, кейбірі ауырып қалады. Бірақ басым бөлігі қалғысы келеді. Өйткені, солтүстік Қазақстанның жері өте құнарлы. Қаржы алып, кәсіппен айналысуға мүмкіндік бар", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Министр Қазақстанның солтүстігінде қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдірді 

Сондай-ақ Құмар Ақсақалов оңтүстіктен солтүстікке көшіп келген кейбір отбасылар неге мемлекеттен көмек ала алмай жүргенін түсіндірді.

"Мен бір телеарнаның сюжетін көрдім. Онда Түркістан облысының бір азаматы солтүстіктегі Шал ақын ауданына қоныс аударған. Бірақ мемлекеттен ешқандай көмек ала алмай, Түркістан облысына қайта көшіп кеткелі жатыр екен. Кейін оның себебін анықтадық. Азамат Түркістан облысында көп микрокредит алыпты. Біраз қарызы болған", - дейді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Оның айтуынша, Түркістан облысының азаматы мемлекеттен көмек алу үшін банктен шот ашуға барған.

"Алайда банктен шот ашатын кезде азаматтың қарызы бар-жоқтығы тексеріледі. Салдарынан тұрғын шот аша алмай, қаражаттан қағылды. Өкінішке қарай, ол Түркістан облысына қайта көшіп кетті. Бірақ мұндай фактілер көп емес", - деп түйіндеді сөзін өңір басшысы.

Жаңалықтар
0