Әлем

Оқушыларға берілген үй тапсырмасы жұрттың ызасына тиді – фото

© Sputnik / Анатолий УстиненкоШкольники
Школьники - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел балалар бұл жаттығу арқылы адамдардың ерекшеліктерін сынауға үйренетінін айтады. Желі қолданушылары оның пікірін қолдап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша — Sputnik. Американың Кентукки штатының тұрғыны Лорел Ли Льюис әлеуметттік желіде қызының үй тапсырмасын жариялады. Тапсырмада суреттегі қыздың қайсысы "толық" екенін белгілеу керек болған.

"Біз балаларды мектепке мазақ қылмайды деген ниетпен жібереміз. Алайда бала мынадай үй тапсырасын әкелгенде мектепте не нәрсеге үйретеді деген сауал туындайды ", — деп жазады әйел.

Оның айтуынша, тапсырма құрастырушылары адамдардың бейнесін қолданбауы керек еді.

Әйел балалар бұл жаттығу арқылы адамдардың ерекшеліктерін сынауға үйренетінін айтады. Мұндай тапсырмалар балаларды теріс құндылықтарға баулиды. Желі қолданушыларының көбі оның пікірін қолдап отыр.

Ал енді бірі әйел тым асыра сілтеп отыр деген пікірде.

Тағы оқыңыз: Таразда мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған еркек видеоға түсіп қалды

Қытайда 3-сыныптағы баласына үй жұмысын түсіндіруге тырысқан әйел ауруханаға түскен болатын. Әйел миокард инфарктісін алған.

Оқиға Қытайдың Хубей қаласында болды. 36 жастағы әйел ұлына тапсырманы бірнеше рет түсіндірген. Бірақ бала мүлдем түсіне алмапты. Сол кезде әйел кенет өзін жайсыз сезінген.

Жаңалықтар
0