Мәдениет

Нұр-Сұлтанда "Ғалам" ұлттық мәдениеттер фестивалі өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневВыставка Нины Терещенко "Мифы и сказки в образах и красках"
Выставка Нины Терещенко Мифы и сказки в образах и красках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Фестиваль бағдарламасында кино көрсетілімдер, көрмелер, дәрістер және түрлі шеберлік сағаттары бар. Барлық іс-шараға кіру тегін

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағының 60 жылдығына арналған "Ғалам" ұлттық мәдениеттер фестивалі 29 қараша мен 22 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығында өтеді (Кенесары көшесі, 39).

Сонау 1955 жылы қазақ даласында алғашқы ғарыш кешенін құру туралы шешім қабылданды. Космодром Жердің алғашқы ғарыш айлағы болды және адамзат пен әлемдік ғылыми-техникалық прогрес тарихының жаңа парағын ашты: Жердің алғашқы жасанды серігі орбитаға шығарылып, Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарышқа ұшты, Алексей Леонов алғаш рет ашық ғарышқа шығып, Айға және алғашқы зерттеу автоматтандырылған станциялардың Күн жүйесінің ғаламшарларына ұшу басталды. Мұның бәрі үйлесімді жұмыстардың арқасында мүмкін болды.

"Ғарыш әрдайым адамның назарын аударды және бұдан кейін аудара береді: Біз кімбіз? Менің Ғаламдағы орным қандай?. Фестиваль қоршаған әлемге басқаша көзбен қарауға және жұртты Қазақстан өнерінің талантты жас қайраткерлерімен – Россотрудничествоның "Жаңа буын" бағдарламасына қатысушылардың жұмыстарымен таныстыруға мүмкіндік береді", - дейді фестивалдің ұйымдастырушылары.

Фестиваль бағдарламасында қысқа метражды кино мен спектакльдер заманауи өнер көрмесі, шеберлік сағаттары мен дәрістер бар.

Іс-шараны Россотрудничествоның Қазақстан Республикасындағы өкілдігі мен Роскосмос ұйымдастырды.

Барлық шараға кіру тегін.

"Ғалам" ұлттық мәдениеттер фестивалі

РҒМО-дағы іс-шаралар бағдарламасы

29 қараша

  • 16-00. "Ғалам" фестивалінің ашылуы. "Кино ғана емес" халықаралық фестивалінің басталуы – Чувашия бағдарламасының көрсетілімі.
  • 17-25. Ашық пікірталас.
  • 18-00. Якутия бағдарламасының көрсетілімі.
  • 19-00. Ашық пікірталас.

30 қараша

  • 12-00. Жас көрермендерге арналған "Кино ғана емес".
  • 18-30. Татарстан бағдарламасының көрсетілімі.
  • 20-30. Ашық пікірталас.

1 желтоқсан

  • 12-00. Жас көрермендерге арналған "Кино ғана емес".
  • 16-00. Қазақстан бағдарламасының көрсетілімі.
  • 19-00. "Қысқа метражды кино: қалай және қайдан көру керек?". "Кино ғана емес" кинофестивалінің жабылуы.

3 желтоқсан

  • 12-00. Экрандағы театр: "Садко" операсы.
  • 18-30. Виктор Поликарповтың "Родительница степь" көрмесінің ашылуы.

4 желтоқсан

  • 11-00. Украин ақыны Дмитрий Бурагомен шығармашылық кездесу (М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапхана, Абылай хан даңғылы, 4/1).
  • 15-00. Филолог Елена Бурагоның "ХХ ғасыр басындағы орыс әдебиеті" дәрісі (М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Қажымұқан көшесі, 11).

6 желтоқсан

  • 12-00. Ресей театры мен киносының күндері: "Вешние воды" балеті.
  • 18-30. Павел Васильевтің 110 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш.

7 желтоқсан

  • 12-00. "Павел Васильев". Ресейдің танымал мәдениеттанушысы Дмитрий Макаровтың ашық дәрісі.

10 желтоқсан

  • 12-00. Ресей театры мен киносының күндері: "Женитьба" спектаклі.

11 желтоқсан

  • 12-00. Ресей театры мен киносының күндері: "Царская невеста" операсы.
  • 18-30. "Дауыс" жобасының қатысушысы Полина Тиринамен шығармашылық кездесу.

12 желтоқсан

  • 12-00. Ресей театры мен киносының күндері: "Сказ о Петре и Февронии" мультфильмі.

14 желтоқсан

  • 11-00. Поэтикалық баттл. Супер финал.

15 желтоқсан

  • 11-00 - 19.00. Халықаралық қысқа метражды кино күні.
  • 12-00. "Роспись эко-сумок". Анастасия Мусалиеваның шеберлік сабағы.

17 желтоқсан

  • 12-00. "Мобильная фотография". Артем Терещенконың шеберлік сабағы.

21 желтоқсан

  • 12-00. "SMM-ілгерілетудің құпиялары". Әнуар Ермұхановтың шеберлік сабағы.

22 желтоқсан

  • 16-00. "Ғалам" фестивалінің салтанатты жабылуы.
Жаңалықтар
0