НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымын асырған Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары М.М.Заурбеков пен Қосқұдық ормандарды және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің басшысы Н.Д.Нұрмолдаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.
Шенеуніктер не үшін айыпталды
Бір топ адам алдын ала келісім бойынша Луговой, Сарысу, Ақыртөбе, Мойынқұм, Бурыл-Байтал ормандар мен жануарлар әлемін қорғау мекемелері территориясында орман құрылысы жұмыстарын нақты орындамастан «Шыңбота» ЖШС директоры Н.С.Солтаевқа 6 млн 221 мың теңге көлеміндегі бюджет қаржысын аударғаны үшін күдікке ілінді.
Мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкер қандай мерзімге сотталды
Биылғы жылдың 25 қарашасында Тараз қаласының №2 соты аталған тұлғаларды айыпты деп таныды:
Басқарма басшысының орынбасары М.М.Заурбековке – өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді;
Тағы оқыңыз: Алматыда судья сотталды - 45 миллион теңге айыппұл төлейді
Қосқұдық мекемесінің басшысы Н.Д.Нұрмолдаевқа – өкілеттігін асыра пайдалану және қызметтік жалғандығы үшін өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді;
«Шыңбота» ЖШС директоры Н.С.Солтаевқа – бөтеннің ірі көлемдегі мүлкін иемдену және талан-таражға салғаны үшін мемлекеттік қызметке арналған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсету саласында мемлекеттік сатып алумен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.