Қоғам

Ресей кітапханаларына қазақ авторларының кітаптары сыйға тартылды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуБиблиотека
Библиотека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі қазіргі қазақ әдебиетінің антологиясын кітапханаларға берді

АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Чехов атындағы Таганрог орталық кітапханасы мен Мәскеу ұлттар үйіне қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің антологиясын сыйға тартты.

Ресей кітапханаларының қоры заманауи қазақстандық авторлардың шығармаларымен толықтырылып, қазақстандық дипломаттарға зор алғыс айтылды.

"Бұл керемет кітаптар ұлы гуманист және жазушы Антон Павлович Чеховтың туған жері Таганрог қаласына келді, мұнда олар біздің елдеріміз, Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени достықты және өзара халықтық өнегелік келісімді нығайтуға қызмет етеді", - деп атап өтті Чехов атындағы Таганрог орталық кітапханасының тілшісі Владимир Дорд Қазақстан елшілігіне жолдаған хатында

Мәскеу ұлттар үйінің қызметкерлері дипломаттарға ризашылығын білдіріп, басылым топ жауһарларының бірі болатындығын атап өтті.

Қазақстандағы кітапханалар заманауи білім беру орталығына айналады 

"Қазіргі заман авторларын ұсыну өте маңызды. Классиктерді білеміз, олар қазірдің өзінде біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Бұл сыйлық біз үшін өте маңызды. Осы бағыттың өзі – антология қазір өте өзекті. Біздің барлық қызметіміз өз ұлттарымыздың мәдениетін сақтауға және дәріптеуге бағытталған" - деді Мәскеу Ұлттар үйінің шығармашылық жанр маманы Мария Савченко.

Сондай-ақ, ол мұндай жинақтар жақын арада филиалдарға – Санкт-Петербург және Иванов ұлттар үйлеріне, сондай-ақ Ярославль Достық үйіне және басқа қалаларға берілетінін айтты.

Жаңалықтар
0