НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан астанасының басты көрнекті жері – "Бәйтерек" монументі жарығының түсін өзгертті.
Көптен күткен спорттық оқиғаға – "Астана – "Манчестер Юнайтед" матчына бір күн қалғанда Нұр-Сұлтан символы футбол клубтарының түстері – қызыл және көгілдір реңкке боялды.
Айта кетейік, Бәйтерек жарығын алғаш рет өзгертіп отырған жоқ. 2019 жылдың наурызында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған халықаралық акция аясында қызыл түспен ерекшеленді.
"Астана" – "Манчестер Юнайтед" матчы қашан болады
"Жыл матчы" 28 қараша күні сағат 21.50-де (Нұр Сұлтан уақытымен) өтеді. Елордаға Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және басқа елдерден екі мыңға жуық шетелдік жанкүйер келеді.
"Манчестер Юнайтед" - "Астана": матчтың айшықты сәттері – видео
Gismeteo мәліметінше, бейсенбі күні кешке сынап бағанасы 11 градусқа дейін төмендейді.
Бұған дейін британиялық "Манчестер Юнайтед" клубының ойыншыларына аязға байланысты Қазақстанда көшеде он минуттан артық жүрмеуге кеңес берілген болатын.