АЛМАТЫ, 26 қараша — Sputnik. Алматыда Сатпаев және Назарбаев көшелерінің қиылысында бес қымбат көлік соқтығысты, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдары.
Porsche Panamera жүргізушісі Сатпаев көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатқан. Қиылысқа келген кезде рөлге ие бола алмай қарама-қарсы қозғалыс бағытына шығып кеткен.
© Sputnik / СтрингерPorsche Panamera жүргізушісі Сатпаев көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатқан

Porsche Panamera жүргізушісі Сатпаев көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатқан
© Sputnik / Стрингер
Тұрақта тұрған төрт көлікке соғылды. Lexus-пен соқтығысқаннан кейін Porsche көлігі айналып кетті. Бұдан соң S кластағы Mercedes-ке, кейін тағы бір Mercedes көлігіне соғылған. Ал соңғысы Tesla-ға соғылды.
Тағы оқыңыз: Шымкент маңындағы жол апаты: оқиға орнында түсірілген видео жарияланды
Оқиға салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.