НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша — Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығының экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сот Рамазан Әлімқұловты 5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. Ол қонақүй қызметі бойынша келісім шартты бұзбаған, атқарылған жұмыстардың актісіне қол қойып, "қамқорлық" жасап отырған.
"2019 жылдың 22 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рамазан Әлімқұловты пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 3,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды", - делінген хабарламада.
Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды
Сонымен қатар бұрынғы шенеунік мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.