Экономика

Шығыс Қазақстанға ресейлік газ тартылуы мүмкін

© Sputnik / Иван Руднев / Медиабанкке өтуГазопровод
Газопровод - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин газ құбырын тартуға болатын бірнеше бағдар бар екенін айтты  

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Қазақстан Ресейге "Сила Сибири-2" газ құбырын Қытай нарығына еліміздің аумағы арқылы шығаруды ұсынды. Бұл туралы сенат отырысында премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.

Ол бүгінде Шығыс Қазақстанда кей аудандарды газбен қамтамасыз ететін шағын кен орны бар екенін атап өтті.

"Сонымен бірге, біз аймақта қалыптасып жатқан экологиялық жағдайды ескере отырып, болашақта жүзеге асырылатын "Сила Сибири-2" жобасына қосылу нұсқасын қарастырып жатырмыз. Біз Ресей тарапына оны Қытай Халық Республикасының нарығына Қазақстан аумағы арқылы шығаруды ұсындық", - деді ол.

Тағы бір нұсқа бар, деп жалғастырды Мамин.

"Барнауылдың газын Семей мен Өскемен қалаларына тікелей тарту мәселесі қарастырылып отыр", - деді ол.

"Солтүстік ағын — 2" газ құбыры 2020 жылдың ортасында іске қосылады

2014 жылдың мамырында "Газпром" мен қытайлық CNPC шығыс бағдар бойынша Қытайға Ресей газын жеткізу туралы келісімге қол қойды.

Келісім 30 жылға жасалды, ол жыл сайын 38 миллиард текше метр ресейлік газды "Сила Сибири" газ құбыры арқылы Қытайға жеткізуді көздейді.

 

Жаңалықтар
0