НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. 28 жастағы корей әншісі әрі актриса Гу Хара Сеулдегі үйінде өлі табылды, деп хабарлайды РИА Новости Newsweek басылымына сілтеме жасап.
Әнші инстаграмдағы парақшасына соңғы рет өз суретін жариялап, астына "Қайырлы түн" деп жазған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция оқиғаға қатысты тергеу бастады, қыздың неден көз жұмғаны әзірге хабарланбай отыр.
Осы жылдың көктемінде күйзелісте жүрген Гу Хара өз-өзіне қол жұмсамақ болған еді.
Корей әншісі көпшілікке Kara тобының құрамында өнер көрсетіп жүрген кезде танылды. Бұл топ 2007 жылы құрылған болатын.
Тағы оқыңыз: Жанар Хамитовамен дуэт орындаған әнші оның соңғы өтінішін айтты
2019 жылдың қазан айында тағы бір корей әншісі 25 жастағы Чхве Чжин Ридің көз жұмғаны белгілі болды. Ол Солли лақап атымен өнер көрсеткен еді.