Спорт

GGG-дің Аргентинада тұратын жанкүйері ұлына Головкиннің есімін берді

© AFP 2024 / Frederic J. Brown Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәбидің толық аты-жөні – Геннадий Микеас Асеведо, қазір ол екі жаста. Бұл жаңалықпен баланың ағасы әлеуметтік желіде бөлісіп, туу туралы куәліктің суретін жариялаған

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Геннадий Головкиннің Аргентинада тұратын фанаты ұлының есімін қазақстандық боксшының құрметіне қойды.

Қазір Оңтүстік Американың кішкентай тұрғыны Гена – екі жаста. Баланың толық аты-жөні – Геннадий Микеас Асеведо.

Геннадий есімді аргентиналық бала туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жуырда ғана тарады. Бұл жаңалықпен баланың әкесінің бауыры твиттер парақшасында бөлісіп, туу туралы куәліктің суретін жариялады.

"Сәлем, құрметті GGG, менің бауырым Густаво Асеведо тұңғыш ұлының есімін сенің құрметіңе қойғанын айту үшін жазып отырмын. Ол сенің жанкүйерің, сенің барлық жекпе-жегіңді көреді. Мен сенің оған хат жазғаныңды қалар едім", - деп жазды ол.

Бұған дейін желіде мексикалық отбасы ұлдарының есімін Геннадий Головкиннің құрметіне қойғаны хабарланған еді. Қазақстандық боксшы  мексикалық сәбимен суретке түсті.

Тағы оқыңыз: "Мәселе тек жасында емес": Головкиннің денсаулығы алаңдаушылық тудырды

5 қазанда Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте Геннадий Головкин төрешілер шешімімен Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды. Осыдан кейін GGG поляк бокшысы Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екені хабарланды.

Жаңалықтар
0