"ҚазАвтоЖолдың" хабарлауынша, 15 адам ауруханаға жеткізілген. Қаза болғандар жоқ.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Hyundai көлігінің тежегіші істен шыққан. Салдарынан машина Daewoo Nexia маркалы көліктермен соқтығысты. Hyundai Accent өртенді.
Тағы оқыңыз: Шымкент маңындағы апат: оқиғаға не себеп болғаны айтылды – видео
Төртінші көлік те осы бағытпен жүріп келе жатқан. Апатты көрген жүргізуші рөлді бұрып, жолдағы қоршауға соғылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккендердің жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр.