Оқиға

Шымкент маңындағы апат: оқиғаға не себеп болғаны айтылды – фото

© Скрин видео/"Казавтожол" Под Шымкентом произошло крупное ДТП
Под Шымкентом произошло крупное ДТП   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазавтожол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі апаттан соң 15 адамның ауруханаға жеткізілгенін айтты

АЛМАТЫ, 24 қараша — Sputnik. Жексенбі, 24 қараша күні Түркістан облысында Алматы - Ташкент – Термез тас жолының 766-шы шақырымында жол апаты болды.  Hyundai Accent пен екі Daewoo Nexia көлігі соқтығысқан.

© предоставлено "КазАвтоЖол"Алдын ала мәліметке сәйкес, Hyundai көлігінің тежегіші істен шыққан
Шымкент маңындағы апат: оқиғаға не себеп болғаны айтылды – фото - Sputnik Қазақстан
Алдын ала мәліметке сәйкес, Hyundai көлігінің тежегіші істен шыққан

Алдын ала мәліметке сәйкес, Hyundai жүргізушісі Сарыағаш – Шымкент бағытымен жүріп келе жатқан.

"Көліктің тежегіші істен шықты деген болжам жасалып отыр. Салдарынан машина Daewoo Nexia маркалы көліктермен соқтығысты. Hyundai Accent өртенді", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға "Қазавтожол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.

Daewoo Gentra жүргізушісі көліктермен соқтығыспау үшін жолды бөгеп қойған қоршауға соғылды.

Тағы оқыңыз: Жол опырылып түсті: Алматыда жантүршігерлік апат болды

Жол апаты салдарынан 15 адам зардап шекті. Қаза болғандар жоқ.

Жаңалықтар
0