Мәдениет

Димаш Токиодағы тыңдармандарына Қазақстан туралы айтып берді – видео

© Photo : Пресс-служба акима Актюбинской областиДимаш Кудайберен вручил награды победителям конкурса Baqytty bala
Димаш Кудайберен вручил награды победителям конкурса Baqytty bala - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Жапониядан алған әсерімен бөлісіп, Токио тұрғындарына Қазақстан туралы қызықты деректерді айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Димаш Құдайберген Токиодағы Азия-Тынық мұхиты әндер фестиваліне құрметті қонақ ретінде шақырылды. Жобаны сол өңірдің "Евровидениесі" деп атайды.

Әнші тыңдармандардың сүйікті әніне айналған Sos d'un terrien en détresse композициясын орындады.

"Құрметті достар, мен сіздердің алдарыңызда тұрғаныма өте қуаныштымын. Жапония керемет. Мен қонақжайлық пен қаланың сұлулығы әрі тазалығына тәнті болдым", - деді қазақстандық жұлдыз. 

Димаш тыңдармандарына Қазақстан туралы айтып берді. Ол еліміздің сан ғасырлық тарихы бар екенін атап өтті.

View this post on Instagram

A post shared by Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash) on

Азия-Тынық мұхиты әндер фестивалі (ABU Song Festival) – аймақтың үздік әртістері өнер көрсететін халықаралық шоу. Кейде оны "Евровидениенің" баламасы деп те атайды.
Дегенмен бұл фестивальде танымал әншілер өзара бақ сынаспайды. Былтыр ABU Song Festival Түрікменстанда өткен болатын.
Жаңалықтар
0