МӘСКЕУ, 22 қараша – Sputnik. 2020 жылдың ортасында "Солтүстік ағын — 2" газ құбыры іске қосылады, деп хабарлайды РИА Новости.
Дмитрий Козак газ құбырының нақты қашан жұмыс істейтінін айтқан жоқ.
Осыған дейін Ресейдің энергетика министрі Александр Новак газ құбыры жаңа жылға дейін іске қосылуы мүмкін екенін хабарлаған. Оның айтуынша, қазіргі таңда техникалық жұмыстар жүріп жатыр.
Қазан айының басында "Газпром" компаниясы құбырдың 80%-і салынғанын атап өткен. Алайда компания құрылыс жұмыстары барысында қиындықтар туындағанын да жасырған жоқ. Дания құбырды төсеуге тек қазан айының соңында рұқсат берген. Дегенмен компания өкілі Дания аумағы арқылы газ құбырын өткізуге 5 апта жеткілікті екенін айтты.
Бұған дейін америкалық сенатор Тед Круз АҚШ санкциялары "Солтүстік ағын — 2" газ құбырын іске қосуды бір жылдан астам уақытқа кешіктіретінін ескерткен еді.