НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша - Sputnik. Дағыстандағы Чонтаул ауылының тұрғыны туған қызын өзенге батырды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Тергеу қажетті дәйектерді жинады. Қылмыстық іс жақын арада сотқа жіберіледі. Әйелге қатысты шешім қабылданады", - деді полицейлер.
Олардың айтуынша, әйел қызын тәрбиелеп, өсіргісі келмеген. Сондықтан баланы суға батырып жіберу керек деп шешкен. Оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында болды. Әйел 6 жасар қызын өзенге апарып, батқанша дейін күтіп тұрған. Кейін ізін жасырған.
Тағы оқыңыз: Бокстан әлем чемпионының туған қызын бірнеше жыл зорлағаны дәлелденді
Үш күннен соң қыздың денесі өзен арнасында табылды.