Саясат

Тоқаев: Қазақстан мен Швейцарияның ұстанымдары ортақ

© Sputnik / Абзал КалиевПрезиденты Казахстана Касым-Жомарт Токаев и Швейцарии Ули Маурер на пресс-конференции
Президенты Казахстана Касым-Жомарт Токаев и Швейцарии Ули Маурер на пресс-конференции - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақордада Қазақстан басшысы мен Швейцария президенті Ули Маурердің шағын және кеңейтілген құрамда кездесулері өтті. Осыдан кейін екі ел басшылары БАҚ алдына шығып, бірлескен мәлімдеме жасады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Саяси тұрғыдан Швейцария Қазақстан үшін Еуропадағы өте маңызды серіктес. Бұл туралы бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесудің өзара сенім және түсіністік рухында өткенін атап өтті. Қазақстан мен Швейцария екі елдің мол мүмкіндіктерін пайдаланып, серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі.

"Жалпы өмірлік және жаһандық мәселелер бойынша елдеріміздің ұстанымдары ортақ. Мұны зор ризашылықпен атап өткім келеді", - деді Тоқаев.

Кездесу кезінде алдағы бірлескен жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалған.

"Саяси тұрғыдан Қазақстан үшін Швейцария Еуропадағы өте маңызды серіктес. Қазіргі таңда біздің жоғары деңгейдегі байланыстарымыз табысты дамып келе жатыр. Бұл орайда президент Ули Маурермен ойымыз бір жерден шықты. Швейцарияның сан ғасырлық демократиясы мен көппартиялық дәстүрі, ресми Берннің сыртқы саяси жолы еліміздің және бүкіл әлемнің шынайы құрметіне ие болып отыр", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев Швейцария басшысымен халықаралық деңгейде күш-жігерді біріктіріп, үйлесімді жұмыс істеуге келіскенін атап өтті.

© Sputnik / Абзал КалиевАқордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Швейцария президенті Ули Маурердің кездесуі өтті
Тоқаев: Қазақстан мен Швейцарияның ұстанымдары ортақ  - Sputnik Қазақстан
Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Швейцария президенті Ули Маурердің кездесуі өтті

"Біздің еліміз өзінің сыртқы саяси бағдарында сабақтастық дәстүрін берік сақтайды. Қазақстан көпвекторлы, сындарлы қағидатты ұстанып, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үдерістеріне белсене қатысады. Осы мәселелерге баса мән беріп өттім", - деді президент.

Бұдан бөлек, Тоқаев Қазақстан Сирия бойынша Астана процесін өткізуге алаң ұсынатынын еске салып, бұл Женева процесін толықтыра түсетініне назар аударды.

"Ресми Берн қақтығыс зоналарында зардап шеккен тұрғындарға, соның ішінде Украина мен Сирияда миллиондаған көмек көрсетті. Келіссөздер барысында мен Швейцария тарапына трансшекаралық су пайдалану және Орталық Азиядағы су дипломатиясы саласындағы көмегі үшін ризашылығымды білдірдім. Осыған байланысты серіктестерімізге БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мәнінде Қазақстанның гуманитарлық саладағы ұқсас бастамаларын ескере отырып, осы саладағы күш-жігерімізді үйлестіру перспективасын қарастыруды ұсындым", - деді Қазақстан президенті.

© Sputnik / Абзал КалиевШвейцария президенті Ули Маурер
Тоқаев: Қазақстан мен Швейцарияның ұстанымдары ортақ  - Sputnik Қазақстан
Швейцария президенті Ули Маурер

Ули Маурер мен Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Швейцария серіктестігінде экономикалық құрам негізгі болады деген пікірге келген.

"Швейцариялық бизнес Қазақстан нарығында ашылып отырған мүмкіндіктерді тиісінше бағалап отыр. Бүгіннің өзінде Швейцария Конфедерациясы біздің экономикамыздағы көлемі бойынша үшінші инвестор болып отыр. Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірінші ондығына кіреді", - деді ол.

Президент соңғы он бес жылда Швейцария Қазақстанға 24 миллиард доллардан астам инвестиция құйғанын атап өтті.

Өзара сауда айналымы өткен жылдың қорытындысы бойынша 3 миллиард доллардан асқан.

Жаңалықтар
0