Өңірлер

Оралдағы трагедия: қаза болған қыздың денесін бөтен адамдарға берді

© Photo : Рixabay/TatlinРука на стекле
Рука на стекле - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көз жұмған қыздың денесін Оралдан 500 шақырым жердегі ауылға апарған. Баланы трагедия болған жерде жерлеуі тиіс еді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша — Sputnik. Мәйітхана қызметкерлері жол апаты салдарынан қайтыс болған қыздың денесін қателесіп, басқа ауылға жіберген.

Айарудың әкесі Асылхан Қазиевтің айтуынша, ол мәйітханаға келгенде қыздың денесін басқа ауылға алып кеткенін білген.

"Біз қызымызды жерлеуге дайындалып жатыр едік. Мен мәйітханаға бардым. Қызметкерлер құжаттарды көрсетіп, қызымның денесін алып кеткенін айтты. Сайхиндегі отбасы да қайғыдан қан жұтып отыр екен. Олар балаларын алып кетуге менен екі сағат бұрын келген. Оларға қателесіп, Айарудың денесін берген", - дейді қыздың әкесі "Уральская неделя" басылымына. 

Тағы оқыңыз: Түрмеде өлді деп саналған тұтқын мәйітханада көзін ашты

Оның айтуынша, қыздың денесін алып кеткен отбасы Орал қаласынан алыстап кеткен.

"Ол адамдар да сене алмады. Мәйітхана қызметкерлерінің жауапсыздығы ақылға сыймайды ", - деді ол.

Қыз 20 қараша күні әжесімен бірге каратэ жаттығуынан қайтып келе жатқан. Жаяу жүргінші жолында Audi жүргізушісі қағып кетіп, ізін суытты. Полицейлер жүргізушіні бірнеше сағат ішінде ұстады.

Басылымның хабарлауынша, Айару қаладағы белгілі музыкант Асылхан Қазиевтің үлкен қызы және белгілі күйші, облыстық филармония әртісі Ермек Қазиевтің немересі.

Жаңалықтар
0