Оқиға

Алматыда оқушы қызға кімнің шабуыл жасағаны белгілі болды

© Photo : предоставлено очевидцамиНаручники
Наручники - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда оқушы қызға шабуыл жасаған ер адам туралы ақпарат 20 қараша күні әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын

АЛМАТЫ, 22 қараша — Sputnik. Алматы қаласы Бостандық ауданы полиция басқармасының қызметкерлері 12 жасар қызға шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. Ол өзінің кінәсін мойындамай отыр.

Оқушы өзіне шабуыл жасаған күдіктіні таныды.

"Ер адам жергілікті пәтер иелері кооперативінде аула тазалаушы болып жұмыс істеген. Өзі де "Орбита" шағын ауданында жертөледе тұрады. Оның айтуынша, оқиға болған күні таңертең дүкенге бара жатқан. Ішімдік ішкен. Жолда оқушы қызды кездестіріпті. Алайда оны қорқытқысы келмегенін айтады. Қалтасынан телефон алған кезде бала пышақ деп ойлап қашып кеткен", - деді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Ол тергеу барысында мұның бәрі жіті тексерілетінін айтты.

Алматыда оқушы қызға шабуыл жасаған ер адам туралы ақпарат 20 қараша күні әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.

Тағы оқыңыз: "Аузы қанап кетіпті": елордада мектеп жанында ер адам қызға шабуыл жасады

Қыздың анасының айтуынша, "Орбита" шағын ауданындағы №60 гимназия маңында белгісіз біреу қызға шабуыл жасаған. Оқушы қашып кеткен.

Кейін қала полициясы күдіктіні анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылғанын хабарлады.

Жаңалықтар
0