Қоғам

Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүкіл елді шулатқан оқиғадан кейін білім басқармасының басшысы, мектеп директоры, мектеп инспекторы және бірнеше мұғалім мен білім ошағының қызметкері жұмыстан кетті

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша - Sputnik. Таразда 12 жастағы оқушы қызды мектеп дәретханасында зорлаған сұмдық жағдайдан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімін қызметінен босатуды тапсырды. 

Бұл туралы президент Twitter-парақшасында хабарлады. 

"Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым", - деп жазды Тоқаев. 

Қазіргі уақытта Тараз қаласының әкімі - Қайрат Досаев. Ол әр жылдары Жамбыл облысында Қордай және Шу аудандарының әкімі болды.

Жаңалықтар
0