НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Жел күшейіп, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.
Дабылды ескерту
Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 25-30 градусқа дейін төмендейді.
Шығыс Қазақстанда да минус 25-30 градус болады. Кей жерлерде 33 градус суық.
Қарағанды облысында минус 22-27 градус, кей жерлерде 33 градус суық болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Түркістан облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.
Өңірлердегі ауа райы
Алматы, Жамбыл облыстарында тұман және көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Жамбыл облысында бұрқасын.
Түркістан, Қызылорда облыстарында тұман болады. Жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Түркістан облысында – көктайғақ.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман және көктайғақ болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарында тұман болады. Шығыс Қазақстанда түнде және таңертең бұрқасын, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.
Ірі қалалардағы ауа райы
Шымкентте жауын болуы мүмкін. Күндіз 4-6 градус жылы, түнде 2-4 градус нөлден жоғары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Синоптиктер Алматыда қар жауатынын хабарлады. Ауа температурасы біртіндеп +1 градустан түнде -5 градусқа дейін төмендейді.
Бейсенбі күні елордада жауын-шашын болмайды. Түске дейін -29 градус. Түстен кейін 20 градус суық болады. Кешке қарай минус 22.