НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасындатады, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Қазақстанға Карск теңізінен келген суық ауа массаларының әсерінен республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн суытты. Түнде ауа температурасы -28...-32°С дейін төмендесе, күндіз -18…-23°С шамасында болды. Бұл орташа көпжылдық мәннен -8…-13°С төмен.
"Оңтүстік бағытта ығысқан арктикалық суық ауа ағымдарынан елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынжа қар жауып, бұрқасындатады, солтүстік-шығыстан екпінді жел соғады. Ауа температурасы төмендейді", - делінген хабарламада.
Ал, солтүстік облыстарда, синоптиктердің болжамынша, Батыс Сібірдің солтүстігінен ығысатын кезекті циклонның әсерінен 22-23 қараша күндері аяздың беті қайтады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан
- 21 қарашада күн ашық. Түнде -29°С, күндіз -20°С аяз.
- 22 қарашада күн ала бұлтты. Түнде -23°С, күндіз -17°С.
- 23 қарашада ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде -23°С, күндіз -14°С.
Алматы
- 21 қарашада күн бұлтты, қар жауады. Түнде +1°С, күндіз -4°С.
- 22 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -7°С, күндіз 0°С.
- 23 қарашада күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -5°С, күндіз +1°С.
Шымкент
- 21 қарашада күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +2°С, күндіз +6°С.
- 22 қарашада күн бұлтты, қар жауады. Түнде +1°С, күндіз -1°С суық.
- 23 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2°С, күндіз +3°С.