Елорда тынысы

Фотофакт: елордада 30 градус аязда жейдемен жүрген ер адам жұртты таңғалдырды

Жазылу
Нұр-Сұлтанның қытымыр қысы қаһарына мінді. Далада 30 градус аяз. Ауа райы қолайсыздығы, тасжолдардың жабылуы, мектептерде сабақтың болмауы...

Дегенмен астаналық ер адамның әрекеті жұртты таңғалдырды. Ол аязға қарамастан көшеде жеңіл киіммен жүрді. Бұл сәтті Sputnik Қазақстан фотографы камерасына түсіріп үлгеріпті.

Жұртты өзіне қаратқан тұрғын үстіне қысқа жеңді жейде мен джинсы шалбар ғана киген екен. Бір қызығы, ол айналысындағы тоңған адамдарға назар аудармайды.

© Sputnik Қазақстан, Sputnik / Владислав ВодневАязда жейдемен ғана жүрген ер адам
Фотофакт: елордада 30 градус аязда жейдемен жүрген ер адам жұртты таңғалдырды - Sputnik Қазақстан
Аязда жейдемен ғана жүрген ер адам

Елордалықтар ер адамның қақаған аязда жеңіл киіммен жүретінін жиі көретін болып шықты.

Жаңалықтар
0