Өңірлер

Ақтауда балаларды ұрған тәрбиешілерге қатысты сот үкімі шықты

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуРебенок в детском саду
Ребенок в детском саду - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Ақтау қаласындағы №55 "Таңшолшан" балабақшасының қызметкерлері балғындарға қатыгездік көрсетіп, оларды ұрып-соққан екен

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысында балаларды ұрып-соққан тәрбиешілерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды жергілікті Lada.kz порталы.

Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сай, Ақтау қалалық сотында №55 "Таңшолшан" балабақшасының тәрбиешілері мен көмекшілеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Сот балабақша қызметкерлерінің кәмелет жасқа толмаған балаларға қатыгездік көрсеткенін анықтады. Олар балғындардың басынан, қолынан және жамбасынан ұрған. Тәрбиешілер балалардың денесіне зақым келтіріп қана қоймай, бүлдіршіндерді қорқытып-үркітіп орындықта отыруға мәжбүрлеген, ойыншықтармен де ойнатпаған", - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Балабақшада балалар кішкентай қызды жабылып соққыға жықты – видео

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 140-бабы, 2-тармағы (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша қозғалған қылмыстық іс сот үкімімен медиация негізінде (ҚР Қылмыстық кодексі 68-бабы, 1 тармағы - татуласуға байланысты қылмыстық жауаптан босату бойынша) тоқтатылды.

Шағым түскен тарап кәмелет жасқа толмағандардың өкілдерімен келісімге келіпті. Сот үкімі заңдық күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2019 жылдың маусымында Ақтау қаласындағы №55 "Таңшолшан" балабақшасының тәрбиешілері балаларға ойыншықпен ойнауға тыйым салып, оларды сағаттап орындықта отыруға мәжбүрлеген. Бұл жағдай бейнебақылау камераларына түсіп қалған болатын.

Жаңалықтар
0