Оқиға

Алматыда ер адам оқушы қызға шабуыл жасады: полиция оқиғаның мән-жайын айтты

© pixabay.comРуки мужчины на стекле, иллюстративное фото
Руки мужчины на стекле, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден құрылған арнайы жедел топ жұмысқа кірісті. Бейнебақылау камераларынан жазба алынды

АЛМАТЫ, 20 қараша — Sputnik. Алматы полициясы 12 жасар қызға жасалған шабуылдың мән-жайын анықтап жатыр. Оқиға кеше Бостандық ауданындағы №60 гимназия маңында болған. Күдіктінің кім екенін анықтау үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды.

Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қыздың анасы арыз жазған соң тиісті шара қолданылған. Әйел ер адамның қолында пышақ болғанын айтты.

Тәртіп сақшылары шабуыл жасалған аумақты тексерді. Қылмысты ашу үшін құрылған топ құрамына тәжірибелі мамандар енді.

"Қыз күдіктінің түрін суреттеп беруге тырысты. Бейнебақылау камераларындағы жазба да іс материалына қосылды. Қазір олар жіті зерттеліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.

Тағы оқыңыз: Таразда мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған еркек видеоға түсіп қалды

Полиция күдікті қолға түскен соң оқиғаның мән-жайы толығырақ айтылады деп отыр.

Жаңалықтар
0