Видео

Абай мінәжат еткен: Семей халқы көне мешітті қалай сақтап қалды - видео

Жазылу
Семейдегі екі мұнаралы орталық мешіт сәулет өнерінің ескерткіші болып саналады. Ғимараттың негізі 1862 жылы Сүлейменов, Әбдешов, Рафиков және Халитов есімді жергілікті көпестердің бастамасы бойынша ағаштан қаланыпты

Мінәжат ету орнында өрт болған. Ал 1897 жылы көпес Василий Халитов жергілікті мұсылмандардың өтініші бойынша оны қалыпқа келтірген.

Мұндай деректі Санкт-Петербург архивінен кездестіруге болады. Ондағы хаттарда Семей қаласының тұрғындары өртеніп кеткен мешіттің орнына жаңасын салғаны туралы жазылған.

Жаңа мешіт кірпіштен тұрғызылыпты. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы осында келіп, мінәжат еткен. Алайда кеңес үкіметі кезінде Алла үйі жұмыс істемеген. Соғыс жылдары мінәжат ету орны қойма ретінде пайдаланылған.

Тағы оқыңыз: Абай Құнанбайұлы ұрпағының шежіресі

Тек 1995 жылы Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай мешіт қайта жөнделіп, жамағатқа есігін айқара ашты.

Сондай-ақ, мұнда 14 ерекше терезе бар. Үлкен терезелер күн жарығының ғимаратқа толық кіріп, жылытуына мүмкіндік береді. Онда екі ғибадат бөлмесі (ерлер мен әйелдерге арналған) мен имамдар отыратын орын бар.

1999 жылы мешітке XVII ғасырда өмір сүрген қазақтың беделді биі Әнет баба Кішікұлы есімі берілді. Ол – Тәуке хан тұсында қабылданған "Жеті жарғы" заңын құрастыруға үлес қосқан атақты жеті бидің бірі.

Мешіт Семей қаласындағы Абай көшесіндегі 50-ші үйде орналасқан.

Жаңалықтар
0