Саясат

Тоқаев әріптесін шақырды: Швейцария президенті Қазақстанға келеді

© EQ Images / Медиабанкке өтуПрезидент Швейцарии Ули Маурер
Президент Швейцарии Ули Маурер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресми сапар 21-22 қарашаға жоспарланған. Тараптар Ақордада шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Швейцария президенті Ули Маурер Қазақстанға ресми сапармен келеді. Оны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған.

"21-22 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстан Республикасына Швейцария Конфедерациясының президенті – қаржы министрі Ули Маурер ресми сапармен келеді. Швейцариялық делегацияның құрамында бизнес өкілдері де болады", - деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

22 қарашада мемлекет басшылары «Ақорда» резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.

Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланады.

Сапар аясында Ули Маурер Қазақстан үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен өтетін «дөңгелек үстелде» сөз сөйлейді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Германияға барады

Қазақстан мен Швейцарияның дипломатиялық қатынастары 1992 жылдың 1 маусымында орнады.

1994 жылы Алматыда Швейцария консулдығы ашылды. Ол 1998 жылы бас консулдық боп өзгерді.

Ал 1996 жылы Берн қаласында Қазақстан елшілігі жұмысын бастады.  

2008 жылы Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Швейцария елшілігі ашылды.

Қазақстан мен Швейцария университеттері, ғылыми және мәдени орталықтары арасында байланыс дамып жатыр.

"Болашақ" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Швейцарияда 70-тен астам қазақстандық білім алуда.

Жаңалықтар
0