Өңірлер

Таразда мектеп дәретханасында оқушыны зорлады: білім министрлігі түсініктеме берді

© Sputnik / Табылды КадырбековМужчина держит девочку за плечо, архивное фото
Мужчина держит девочку за плечо, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта қыз үйінде оқып жүр. Мамандар қажетті психологиялық көмек көрсетуде. Тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Таразда мектеп аумағында оқушы қызды зорланған соң директор, директордың орынбасары, мұғалім мен мектептегі вахтер қызметінен босатылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Жамбыл облысы білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Талғат Жамалов хабарлады.

"Директор, құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, вахтер мен мұғалім қызметінен босатылды. Ата-аналар талап қойды. Сондықтан осындай шешім қабылданды", - деді Талғат Жамалов.

Директордың өзге орынбасары директор міндетін атқаратын болады. Зардап шеккен қыз үйінде оқиды.

"Бала медициналық, психологиялық көмек алып жатыр. Ол кейін мектепке оралады. Егер қаласа, басқа мектепке ауыса алады", - деді жетекші орынбасары.

Тағы оқыңыз: Шу ауданында педофил 3 жасар қызды зорлады: азғынды баланың әкесі қолға түсірді

Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету білім мекемесінің міндеті ", - деді білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әйелдер мен балаларды зорлауға қатысты жазаны күшейту заңына өзгеріс енгізіліп, құжат мәжіліске жолданды.  Құжатты бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірге әзірлеген.

Дәретханадағы зорлау

Бұл жағдай туралы жақында белгілі болды. 7-сынып оқушысын Тараз мектебінің аумағында зорлады.

Мектеп дәретханасы дұрыс жұмыс істемеген және бөтен адамға ешкім назар аудармаған. Ата-аналар бұл үшін мектеп басшылығын жазалауды талап етті.

Кейін ұсталған адамның бұрын ұрлық үшін істі болған 38 жастағы тұрғын екені анықталды.

Жаңалықтар
0