НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша — Sputnik. Нұрәлі Әлиев Ақтауға жұмыс сапарымен барды. Ол Каспий жағалауында түсірілген видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Нұрәлі Әлиев Ақтауға барған астаналық делегация құрамында болған.
Жұмыс тобында премьер-министр Асқар Мамин де бар. Сапар барысында метанол өндіретін WestGasOil зауытына капсула орнату, Aktau resort hotel қонақүй-туристік кешенінің құрылысымен танысу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын бастау салтанаты болады. Желі Каспий теңізінің түбі арқылы өтеді, деп хабарлайды Lada.kz.
Тағы оқыңыз: Айсұлтан Назарбаев тегін өзгертті
Нұрәлі Әлиев - қазақстандық бизнесмен, экономист, Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені.