НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид Аль Нахайянға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz.
БАӘ басшысының інісі шейх Сұлтан бен Заид Аль Нахайян қайтыс болды.
"Бауырыңыз әрі Біріккен Араб Әмірліктерінің абыройлы саяси қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Нахаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Шейх Сұлтан Біріккен Араб Әмірліктерінің аяқтан тұрып, гүлденуіне ерекше үлес қосқан тұлға ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін", - деді Назарбаев.
Елбасы сын сағатта БАӘ президентіне және отбасы мүшелеріне сабыр тіледі.
БАӘ-де аза тұту жарияланды
БАӘ-де президент інісінің дүниеден өтуіне байланысты үш күндік аза тұту жарияланды.
خالص التعازي لشعب الإمارات ولآل نهيان الكرام في وفاة الشيخ سلطان بن زايد..أبناء زايد لهم بصمات خالدة في دولة الامارات..أبناء زايد لهم محبة مختلفة في قلب كل اماراتي..أبناء زايد شركاء تأسيس لن ينساهم الزمن..رحم الله الشيخ سلطان وأسكنه فسيح جنانه وألهمنا وشعب الامارات الصبر والسلوان pic.twitter.com/AXbEZDSrzF
— HH Sheikh Mohammed (@HHShkMohd) November 18, 2019
Шейх Сұлтан 64 жасында дүниеден өтті. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы және бірінші президенті шейх Зеидтың екінші баласы. Әр жылдары ол федералдық үкіметте және Абу-Даби эмиратының билігінде еңбек етті. Атап айтсақ, шейх Сұлтан 1990 жылы вице-премьер, одан кейін БАӘ қарулы күштерінің жоғары бас қолбасшысы болды.