Экономика

Қазақстандықтардың көбі зейнетақысын баспанаға жұмсай алмауы мүмкін

© Photo : Официальная страница ЕНПФ в FacebookВывеска на здании одного из филиалов Единого накопительного пенсионного фонда (ЕНПФ)
Вывеска на здании одного из филиалов Единого накопительного пенсионного фонда  (ЕНПФ) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев өз жолдауында азаматтарға зейнетақы жинағын баспана мен білімге жұмсауға рұқсат беру жағын қарастыруды тапсырған еді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Қазақстан азаматтарының аз ғана бөлігі зейнетақы жинағын баспана сатып алуға жұмсауы мүмкін. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова осындай болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі зейнетақы жинағын пәтерге жұмсау бойынша ұлттық банкпен тығыз жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Статистиканы зерделеп жатырмыз. Өкінішке қарай, ол республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік зейнетақының көлемі жыл сайын өсіп бара жатқанын көрсетіп отыр", - деді Ибрагимова үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, зейнетке шыққан кезде, әр қазақстандықтың зейнетақысы жалақысының 70 процентін құрауы керек. Яғни, мұндай зейнетақы алу үшін адамның қордағы жинағы да жеткілікті болуы тиіс. Алайда қазақстандықтардың көбінде зейнетақы жинағы мардымсыз.

"Сондықтан, қазір талқыланып жатқан механизм зейнетақы жинағы жеткілікті салымшылардың аз ғана бөлігіне қатысты болатын шығар. Әлі қосымша есептеулер жүргізіліп, мәселе жіті пысықталады", - деді ол.

ТҚЖБ басшысы зейнетақы жинағына қатысты мәселе жан-жақты сараланып, жыл соңына қарай нақтыланатынын айтты.

Тағы оқыңыз: Зейнетақы жинағын алуға қатысты бірнеше ұсыныс жасалды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында азаматтарға зейнетақы жинағын баспана мен білімге жұмсауға рұқсат беру жағын қарастыруды тапсырған еді.

Жаңалықтар
0