НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Танымал әзілкеш, шоумен Азамат Мұсағалиев қазақша ән айтып, әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның қазақша ән айтқан сәтін әріптесі, қазақстандық КВН-ші Данияр Жұмаділов Instagram-парақшасына жүктеді.
"Бауырым, өз ана тіліңде ән айтқаның сүйсіндіреді. Махаббат туралы ән. Жақында", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары видеоның астына пікір жазып, таңданысын жасырмады.
"Қандай керемет! Ол қазақша ән айта алады", - деп жазды олардың бірі.
Ал тағы бірі танымал әзілкешті қазақша білмейді деп ойлағанын айтқан.
"Ол қазақша акцентсіз айтып тұр ма? Мен оны мүлдем қазақ тілін білмейді деп ойладым. Жарайсың!", - деді ол.
Енді бірі оған қазақша өнер көрсетуге кеңес берген.
"Ақыры қазақша ән айтып жатыр екен, қазақша КВН ойнағанын күтеміз", - деп жазды желі қолданушысы.
"Азамат бауырым, Қазақстан халқы атынан қазақша көбірек ән айтуыңды өтінемін. Жанымды жадыратып жібердің. Бұл өмірде барыңа рақмет", - депті тағы біреуі.
Тағы оқыңыз: Қазақ тілі туралы әзілдеген Азамат Мұсағалиев қазақстандықтарға үндеу тастады
Айта кетейік, Азамат Мұсағалиев – этникалық қазақ, әртіс, әзілкеш және тележүргізуші. Ол – "Сборная Камызякского края" КВН құрамасының капитаны, "Где логика?" шоуының жүргізушісі, "Однажды в России" шоуының қатысушысы, әрі ресейлік "Интерны" сериалына түскен.