Оқиға

Алматыда мас күйінде көлік жүргізген қыз жаяу жүргіншіні басып өлтірді

© Sputnik / СтрингерСмертельное ДТП
Смертельное ДТП - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатынан көз жұмған ер адамның құжаттары болмаған, енді полиция оның кім екенін анықтауы тиіс

АЛМАТЫ, 17 қараша — Sputnik. Алматыда мас күйінде көлік жүргізген 27 жастағы қыз ер адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты Розыбақиев көшесінде, MEGA Alma-Ata сауда орталығына қарама-қарсы жерде болды.

Куәгерлердің айтуынша, Hyundai көлігі Розыбақиев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Сауда орталығының жанында 27 жастағы қыз рөлге ие бола алмай қалып, көлігі жаяу жүргіншілер жүретін жолға шығып кетіп, ер адамды соққан. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

© Sputnik / СтрингерАлматыда рөлге мас күйінде отырған қыз ер адамды қағып өлтірді
Алматыда мас күйінде көлік жүргізген қыз жаяу жүргіншіні басып өлтірді - Sputnik Қазақстан
Алматыда рөлге мас күйінде отырған қыз ер адамды қағып өлтірді

Қазіргі уақытта ер адамның кім екені анықталып жатыр.

Медициналық тексерістен кейін адам қағып өлтірген қыздың қанында ішімдік болғаны анықталды.

Апат орнында оқиғаның мән-жайын білу үшін криминалистер, жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
0