НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша — Sputnik. Оралда 60 джиппен көшеде жүрген ер адамды полиция ұстады.
"Тойота Прадо", "Гелендваген", "Лексус" көліктері Самал-1 ауданында "Арасан" саунасының жанында тоқтатылды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.
Орал қаласы полиция басқармасының басшысы Мирлан Айкеновтың айтуынша, 20 джип полицияға жеткізілген.
"Жедел-профилактикалық шара аясында Қазақстан азаматы ұсталды. Ол Орал қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Ер адам 60 көлік жалдап, солардың ортасында көшеде жүрген", - деді Айкенов.
Ұсталған адам бұған дейін бірнеше рет сотталған болып шықты. Қазіргі уақытта полиция оның қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр.
"Белгілі бір ақпарат бар, бірақ қазір оны айта алмаймын", - деді полиция басқармасының басшысы.
Істің басқа мән-жайы анықталып жатыр.