НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин БРИКС саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.
Путин Украина президенті Владимир Зеленскиймен "толық байланысы" бар екенін айтты. Оның пікірінше, Донбастағы жағдай бойынша келіссөздер жүргізу барысында қандай да бір шешімдерге келу қажет.
Баспасөз мәслихатында Путинге "Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша Ресей мен Украина президенттері арасында келіссөздер жүргізілуі мүмкін бе?" деген сұрақ қойылды.
"Назарбаевтың бастамасына тоқталайын. Ол бұл елді өте жақсы біледі және жақсы көзбен қарайды. Украинаға деген осы қарым-қатынасын маған үнемі көрсетіп отырады. Сонықтан мен үшін таңғалатындай ештеңе жоқ. Бірақ ол әрқашан Украина бақытты теңіздің ар жағынан іздемеу керек дегенге сүйенеді", - дейді Ресей президенті.
Оның айтуынша, Зеленскиймен "норманд" форматына дейін кездесіп, келіссөз жүргізу жоспарда жоқ.
"Егер кездесіп жатсақ, оған әбігерленіп, дайындалмаған келіссөздерге жүгірудің не қажеті бар", - дейді Путин.
Ол өзі де, Зеленский де тек нәтиже күтетініне сенім білдірді.
Трамп туралы
Путиннің айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу әлі жоспарда жоқ. Сондай-ақ Владимир Путин Дональд Трамптың сайлау науқаны алдында Ұлы отан соғысының жеңісіне орай Мәскеуге келуі дұрыс болар еді деген пікірін білдірді.
Президент Трамптың Сириядағы терроризмге қарсы күреске қосқан үлесін атап өтті. Осы орайда Путин Ресей Сирияға келердің алдында халықаралық коалиция жылдар бойы "бір орнында тұрғанын" айтты.
Сириядағы Ресейдің мүддесі
Владимир Путин Ресейдің Сириядағы басты мақсаттарды түгел дерлік орындағанын жеткізді.
"Қауіп болды. Сондықтан күшті біріктіру қажет", - деп атап өтті ол Бразилиа қаласында өткен баспасөз мәслихатында.
Ол Ресей Сирияда терроризммен күресті бастап, ел аумағының 90% қарулы топтардан азат еткенін айтты. Ол бұл аумақ Сирия үкіметінің бақылауына берілгенін жеткізді.
Украинаға газ жіберу мәселесі
Мемлекет басшысы Ресей Украина арқылы газ тасымалдау мәселесі бойынша жұмыс жүргізуге және бұл елге бағасы төмен газды жіберуге дайын екенін атап өтті. Тіпті, ол Ресей газды тура тасымалдаған кезде газдың бағасын 25%-ке төмендете алатынын айтты. Сондай-ақ Путин Еуропа арқылы Украинаға газ тасымалдау мүмкін емес деген пікірде.
"Газ жарты құбыр арқылы бір жағына, ал жарты құбыр арқылы басқа жаққа тасымалданбайды. Бұл мүмкін емес. Түсінетін шығарсыздар", - деп түйіндеді сөзін Путин.
Тағы оқыңыз: Назарбаев Путинмен не жайлы сөйлескені белгілі болды