Қоғам

Қазақстанда жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі қашан беріледі

© SputnikВодительское удостоверение, архивное фото
Водительское удостоверение, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа үлгідегі куәліктердің жалған құжат жасаудан қорғау жүйесі жақсарады, мемлекеттік баж салығының көлемі өзгермейді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Жаңа үлгідегі жүргізуші куәліктері 2020 жылдан бастап беріледі, деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Бұған қоса, көлікті тіркеу куәлігінің түрі өзгереді.

Ішкі істер министрі тиісті бұйрыққа екінші қарашада қол қойды.

"Бұл құжаттардағы электрондық чип келесі жағына ауысады және чип сыйымдылығы ұлғаяды", - деп түсіндірді ішкі істер министрлігі.

Қолдан жасау мүмкін емес

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шара жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу куәлігін жеке басын куәландыратын құжаттармен сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

© Photo : МВД КазахстанаЖаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі
Қазақстанда жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі қашан беріледі - Sputnik Қазақстан
Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі

Сондай-ақ, ол құжаттар жасаудың бірыңғай өндірістік стандартына көшуге жол ашады.

Жаңа үлгідегі құжаттарда штрих-код түріндегі қосымша қорғаныш пайда болады. Көлікті тіркеу куәлігінің түсі өзгереді, оның түсі қанық бола түседі.

© Photo : МВД КазахстанаКөлікті тіркеу куәлігі
Қазақстанда жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі қашан беріледі - Sputnik Қазақстан
Көлікті тіркеу куәлігі

Жүргізуші куәлігін жаңасына қашан ауыстыру керек

"Бұған дейін берілген жүргізуші куәлігі мен автокөлікті тіркеу куәлігін ауыстыру қажет емес. Олар өз мерзімі аяқталғанша жарамды (жүргізуші куәлігі - берілген күннен бастап 10 жыл, көлікті тіркеу куәлігі - машина ауыстырғанға дейін)", - деп нақтылады ішкі істер министрлігі.

Бұл құжаттар үшін төленетін мемлекеттік баж салығының көлемі өзгермейді. Олар 1,25 АЕК (3156 теңге немесе шамамен 8 долларды) құрайды.

Жаңалықтар
0