Қоғам

Қазақстандық волонтерлер енді шетелге жиі шығады

© Sputnik / Тимур БатыршинКосплей в Алматы
Косплей в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2020 жылы қазақстандықтар ұлы жеңіс мерейтойының халықаралық еріктілер командасына кіреді. Енді олар қаржыландыру бағдарламасын пайдаланып, жақсылық жасауға одан да көп мүмкіндік алады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Қазақстандық волонтерлер Мәскеуде жеңістің 75-жылдығы мерейтойын ұйымдастыруға көмектеседі. Олар ресейлік әріптестерімен сәтті жобалар тәжірибесімен бөлісіп, елімізде ардагерлерге қалай қолдау көрсетілетінін айтып бермек.

Волонтер жылында басқа да жағымды жаңалықтар болады деп күтілуде. Елімізде еріктілердің жақын және алыс шетелге сапарлары қаржыландырыла бастауы мүмкін. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға берген сұқбатында Ұлттық волонтерлік желінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк айтты.

"Еріктілеріміз Мәскеуге жеңістің 75-жылдығына көмектесуге барады. Біз ресейліктерге өз жұмысымыздың ерекшеліктері жайлы айтып беруге дайынбыз. Мысалы, "Жеңіс" деген тамаша жобамыз бар. Волонтерлер соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қысқы мезгілге көмір, ағаш дайындауға көмектеседі. Жастарымыз қарттардың саяжайларында бау-бақша егіп, өнімін жинап береді. Бәрін тегін істейді. Былтыр еріктілер осылай Талдықорғанда екі мың тонна өнім жинап алды", - деді ол.

"Бірақ біз 9 мамырда ардагерлерге бармаймыз. Бұл күндері оларға адам көп келеді, сондықтан мазаламауға тырысамыз. Дегенмен ардагерлерге жыл бойы көмектесеміз. Әдетте қарттар күнінде оларды шайға шақырамыз. Дегенмен соғысты немесе шайқастарды естеріне түсірмеуге тырысамыз. Олар бізге басқа да қызықты әңгімелерін айтып береді. Тіпті, ардагерлер арасында тоғыз жұп барын да айтқым келеді. Кейбіреулер бірге тұрады, ал кейбіреулер кездесіп, әңгімелесіп тұрады", - дейді Миронюк.

Маман келесі волонтер жылына қойылған жоспарларымен де бөлісті. Оның айтуынша, біріншіден, Қазақстан үшін волонтерліктің жеті басым бағыты анықталады. Мәселен, олар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, корпоративтік волонтерлік, экология болуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Кейбір студенттердің шәкіртақысын көбейтуді тапсырды

"Екіншіден, еріктілерді халықаралық қаржыландыру бағдарламасы іске қосылады. Қазақстандықтар волонтерлік жобаларға шетелге барады. Барлығы мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылады. Бұл Қазақстан үшін алғашқы тәжірибе. Жоспарда жақын және алыс шет мемлекеттер бар. Бұл Индонезия, Африка елдері не басқа мемлекеттер болуы мүмкін", - дейді Миронюк.

Ұлттық волонтерлік желінің атқарушы директорымен сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден оқыңыздар.

Жаңалықтар
0